Иса Гетсиман бағында сиынып болған соң, Оны ұстап беріп, тұтқындады және Ол өлім жазасына кесілді.
Иса қала сыртында, Ғолғота деген маңдайтөбеде айқышта шегеленді. Исаның екі жағында екі қылмыскер қағылды.
Жасақшылар Оның киімін жеребе тастап,сол жерде кімге тиесілі екенін шешіп алды.
Иса айқышта тұрып, Өзі үшін емес, айналасындағы адамдар үшін сиынды.
Иса былай деп сиынды, «Әке, оларды кешіре гөр, олар не істеп жатқандарын білмейді».
Тіпті жан тапсырайын деп жатса да, Иса жауларын ойлап, солар үшін сиынды.
Сенде Иса секілді сиын: Тек өзің үшін емес, басқалар үшін де сиын.
Жауларыңды сүйе алуың үшін Құдайдан сүйіспеншілік сұра.
;