Ерекше шақырылу

Ерекше шақырылу

Бұл Англияда, шамамен 170 жыл бұрын, бүкіл Тейлор отбасы шай ішуге жиналған кезде болды.
Әкем алыс ел - Қытай туралы айтып жатты. Кішкентай Хадсон мұқият тыңдады.
Сол уақытта Хадсон өзінің армандаған жұмысын тапқан еді.
"Мен ержеткенде, миссионер болып, Қытайға барып қызмет еткім келеді" деп шешті ол.
Хадсон дүниеге келмес бұрын, оның ата-анасы дұға етіп: «Қымбатты Көктегі Әке, егер Сен бізге ұл сыйласаң, біз оның Қытайға миссионер ретінде баруын қалаймыз деп сиынған болатын.".
Хадсон 13 жасында әкесімен бірге дәріханада жұмыс істей бастады. Хадсон өзінің көп ақша тапқысы келтінін түсініп шешті.
Хадсон миссионер болуды армандағанын ұмытып кетті. Ол енді Құдай үшін өмір сүргісі келмеді.
Хадсон 17 жасқа толғанда, бір күн оның бүкіл өмірін өзгертті.
Ол мәсіхшілердің кітабынан мынаны оқыды: "Иса өлмей тұрып, Ол былай деді: 'Енді түгел орындалды!'" Хадсон ойланып: „Орындалды? Не орындалды?"
Хадсон Исаның ол үшін не істегенін оқыған кезде, Хадсонның анасы баласының Исаға сеніп, Одан кешірім сұрауы үшін дұға етіп жатқан еді. Анасының дұғаларына жауап берілді!
Хадсон енді бәрін түсінді: “Иса айқышта өлген күні, менің күнәларым үшін жазаланды. Содан кейін, Ол қайта тірілді“.
Сол күні Хадсон Исадан өзінің жеке Құтқарушысы болуын сұрады.
;