Иса сиынғандай сиын - 1

Иса таудың басында түнімен сиынды

Ианың күні ауыр болды.
Дін басылары мен парызшылдар Оған әр түрлі сөздермен шабуыл жасады. Олар Оған (Исаға) ашуланды.
Олар өзара Исаны қалай құртуға болатынын талқылады.
Ал, сол уақытта Иса, сиыну үшін тауға көтерілді.

Ол жалғыз Өзі Құдаймен бірге болғысы келді яғни, Әкесімен.
Исаға Құдай Әкемен жеке тығыз қарым-қатынаста болу үшін, тыныш уақыт керек болды.
Ол Құдаймен кез-келген нәрсе жайында тілдесе алды. Ал, бұл Исаға өте маңызды болды.
Сол себепті Ол, жалғыз бола алатындай тыныш жерді іздеді.
Киелі Кітапта:
Ол түні бойы сиынумен болды делінген.
Ал, таң атқанда Иса маңызды шешім қабылдады.
Ол 12 шәкірттерін таңдады.
Сен Иса үшін өмір сүрсең, тыныш уақыт пен Құдаймен тілдесу маңызды.

Сен оны қалай жасайсың?
Қай кезде сен «Тыныштықта Құдаймен жеке қарым қатынас өткізесің?»

Сенің Құдаймен жеке қарым-қатынаста болуың үшін, тыныштық жер мен ешкімнің саған кедергі болмауы маңызды.
;

Әрі қарай