Қойшылар өрісте қойларын жайып жүрді. Бұл қиын жұмыс болатын. Бірақ олардың ешқандай құқығы болмады. Оларды ұры мен қарақшылар қатарына жатқызып тіпті менсінбейтін.
Олар үшін шынымен көмекші немесе Құтқарушы болмады ма? Оларға тек олардың, қоғамның төменгі дірежесінде тұрғандарын қабылдау ғана қалды ма?
Бірақ кенеттен, түн ортасында жарқын нұр түсті. Олар қатты қорып кетті. Құдайдың елшісі, періште көктен оларға келді.
Періште: "Қорықпаңдар! Мен сендерге үлкен қуаныш жариялаймын, ол қуаныш барлық халыққа да ортақ:», - деді..
"Бүгін Дәуіттің қаласында сендердің Құтқарушыларың дүниеге келді, Ол — Иеміз Мәсіх! Мұның сендер үшін белгісі мынау: сендер ақырда құндақтаулы жатқан Нәрестені көресіңдер», — деді.".
Таң қалған малшылар мұқият тыңдады. Құтқарушы! Олардың жүректеріне үлкен қуаныш келді. Құдай оларды ұмытқан жоқ!
Сол сәтте кенеттен көкте періштенің қасына періштелердің үлкен бір тобы қосылып, Құдайды, Құтқарушының таңғажайып дүниеге келгеніне дәріптеді.
Малшылар қалаға кіріп, Мәриям, Жүсіп және сәби Исаны ақыда тапты. Олар өздерінің Құтқарушысы Исаны көргенде қатты қуанышқа бөленді.
Бірақ, таңқаларлығы, Құтқарушы сен үшін де дүниеге келді. Иеміз Исадан сенің өміріңе кіруін сұра, сонда сен соңы жоқ, мәңгілік қуанышқа ие боласың.
;