SELECT * FROM tbl_escontent_day_with_god WHERE dwg_deleted = 0 AND dwg_language = 'kk' AND dwg_code = '5ZF3JmTf' ;

1

1

Ойлау

Кейбіреулер Құдай – бұл бұлттардың ар жағында өмір сүретін шал деп ойлайды. Екіншілері Ол – біз бір нәрсені дұрыс істемеген кезде, біздің әр түрлі келеңсіз жағдайлардың болуына себепші Құдай беп ойлайды. Кейбір адамдар күн мен жұлдыздар – бұл құдайлар деп ойлайды, өйткені олар бізге жарық береді. Басқалар: «Құдай жоқ» - деп айтады.

 

Киелі кітап, Құдайдың Сөзі, жалғыз шынайы Құдай – Рух деп айтады. Сен және мен сияқты, Оның тәні жоқ. Сондықтан біз Оны көре алмаймыз, бірақ Ол бізді көреді, естиді және сүйеді. Құдай – барлық жерде. Құдай – Жаратушы. Ол осы дүниені және ондағы барлық нәрсені – тауларды, мұхиттарды және жануарларды жаратты. Құдай мені және сені жаратты. Біз – Оның жаратылысының ішіндегі ең ғажайып жаратылыспыз және Ол бізді қатты сүйеді.

 

Ересектерге де, балаларға да Құдай керек. Әрбір адамның жан дүниесінде бір нәрсе оған Құдай бар деп айтады.

 

Бұл кітап саған Құдай туралы білуге көмектеседі. Сен Құайдың қаншалықты ұлы және керемет екенін білесің. Сен Оны көрмесең де, Оны сүюді және Оған жақын болуды үйренесің.

 

Сен Құдаймен танысу үшін, қызықты саяхатқа шығуға дайынсың ба?